Астанада алғаш рет ұлттық домбыра күні аталып өтті
Қазақстан Республикасның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен шілде айының алғашқы демалыс күні ұлттық домбыра күні болып бекітілді.

Қазақстанда шілденің 1-і күні "Ұлттық домбыра күні" алғаш рет аталып өті. Астанадағы "Қазақ елі" монументі алдындағы шараға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Шараға екі мыңнан астам музыканттан құралған домбырашылар оркестрі дирижер Айтқали Жайымовтың жетекшілігімен Түркештің күйі "Көңіл ашар", Құрманғазының "Адай", "Балбырауын", "Сарыарқа", Әбдімомын Желдібаевтың "Ерке сылқым" шығармалары орындалды.
Сілтеме: www.azattyq.org