Dilek Özdemir
1 жыл бұрын - 2 Dakika, 56 Saniye

Қазақстан 2024 жылға дейін мұнай-газ саласына 8 миллиард доллар инвестиция тартады

Қазақстан 2024 жылға дейін мұнай-газ саласына 8 миллиард доллар инвестиция тартады


Қазақстан газ және мұнай өндірісі саласына 2024 жылға дейін 8 миллиард доллар инвестиция тартпақ.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің берген ақпаратына қарағанда Қазақстанда өндіруге болатын 3,4 триллион текше метр газ, ал жалпы көлемі 7 триллион текше метрді құрайтын табиғи газ қоры бар.

Газ өндірісінің мұнай өндірісімен қатар жүргізілетіні айтылған бұл ақпаратта «Қазақстандағы мұнай өндіру ісінің 70 пайызы АҚШ, Қытай, Ресей және Еуропа мемлекеттерінің инвесторларымен бірге жүзеге асырылып жатыр. Аталмыш салада бұл мемлекеттердің ірі халықаралық компаниялары жұмыс істеуде» делінген.

Өткен жылы 46,4 миллиард текше метр газ өндірілсе, бұл жыл аяғында 48 миллиард текше метр өндіру жоспарланған. Бұл секторға 2024 жылға дейін шетелдік компаниялармен бірлесе отырып, 8 миллиард доллар инвестиция тарту көзделіп отыр.

Сондай-ақ Энергетика министрлігі ұсынған бұл ақпаратта жалпы көлемі 1,3 миллион тоннаны құрайтын полимер өнімдерін өндіретін екі мұнай-химиялық жобаның жүзеге асырылатыны айтылған.