Aynur Toleubayeva
1 жыл бұрын - 2 Dakika, 8 Saniye
tr
az
en
kk
ky
uz
ru
tk

Қазақстанның Түркіменстандағы жаңа елшісі тағайындалды

Қазақстанның Түркіменстандағы Төтенше және өкілетті елшісі ауысты.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Асанов Қазақстан Республикасының Түркіменстандағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Қазақстанның Түркіменстандағы жаңа елшісі тағайындалды


Жандос Асанов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде 2004 жылдан бастап жұмыс істейді. Ж. Асанов Алматы педагогикалық университетінің шет тілдер факультетін бітірді.

Қазақстан Республикасының Ұлыбритания Елшілігінде,  ҚР Сыртқы эстер министрлігі Еуропа және АҚШ  департамент басшысы, Қазақстандағы ЕҚЫҰ министрінің орынбасары, Минсктегі ЕҚЫҰ төрағасының орынбасары  қызметтерін атқарды. Асанов, 2013 жылдан бері Түркітілдес елдер Парламенттік ассамблеясы ТүрікПа-ның бас хатшысы қызметін атқарды.