Қазақстан Қаржыгерлер Қауымдастығы (Қққ)

БухгалтерияҚазақстан

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) 1999-шы жылдың мамыр айында Қазақстан қаржыгерлері І-ші Конгресінің резолюциясына сәйкес құрылды. Қауымдастықтың құрылтайшысы болып екінші деңгейлі бес ірі банктер және Қазақстандағы алдыңғы қатарлы сақтандыру компаниясы болды: «Қазкоммерцбанк» ААҚ, «АО «Банк ТұранӘлем» АҚ» ААҚ, «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ, «Темiрбанк» ААҚ, «Банк ЦентрКредит» ААҚ, «Казахинстрах» ЖАҚ.
Бүгінгі күнде ҚҚҚ мүшелерінің жалпы саны 160 ұйымнан асады, оның ішінде, банктер, сақтандыру ұйымдары және брокерлер, «БЖЗҚ» АҚ, бағалы қағаздар нарығындағы басқа да кәсіби қатысушылар, лизингтік компаниялар, микро-қаржы ұйымдары, аудиторлық, консалтингтік және ғылыми-білім беру ұйымдары.
ҚҚҚ-ның миссиясы, қауымдастық мүшелерін қолдау, қорғау және олардың акционерлік бағаларының өсуіне қолдау көрсету болып табылады. ҚҚҚ негізгі стратегиялық міндеттері - ҚҚҚ мүшелерін мемлекеттік және басқа да органдарда таныстыру, қаржы нарығы субъектілерінің жалпы мүдделерін білдіру және қорғау; ҚҚҚ мүшелерінің тиімді әрі қолайлы жұмыс жасауы үшін және жалпы алғанда, Республика қаржы жүйесінің дамуы үшін мемлекеттік органдармен конструктивті қарым-қатынас арқылы жұмыс жасау.