Қазақстан Әлеуметтанушылары Қауымдастығы

БухгалтерияҚазақстан

Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығы - социогуманитарлық бағыттағы ғалымдарды біріктіру мақсатында құрылған тәуелсіз кәсіби бірлестік. 2012 жылғы 17-18 мамырда Қазақстан әлеуметтанушыларының алғашқы конгресінде құрылды. 2003 жылғы наурыздан бастап ҚӘҚ Әлеуметтанушылардың халықаралық қауымдастығының (ISA) тұрақты мүшесі. ҚӘҚ жоғары органы Қазақстан әлеуметтанушыларының конгресі болып табылады.
Қауымдастықтың стратегиялық мақсаты елдегі әлеуметтанулық қоғамдастықтың интеллектуалдық және ғылыми-ұйымдастырушылық әлеуетін ашу болып табылады. Қауымдастық ғылыми зерттеулерге белсене қатысады, әлеуметтік және саяси өлшемдердің әдіснамасы мен әдістемесін, заманауи қазақстандық қоғамдағы үрдістерді жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады. ҚӘҚ іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуге мемлекеттік органдар – ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі; оқу орындары – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ясауи атындағы Қазақ-түрік университеті, өңірлік университеттер; халықаралық ұйымдар – «Сорос-Қазақстан» қоры, Қазақстандағы ЕЫҚҰ өкілдігі, Қазақстандағы БҰҰДБ өкілдігі, зерттеу құрылымдары көмектеседі. Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығы Түркияның, Әзербайжанның, Ресейдің аталмыш құрылымдарымен ынтымақтастық орнатқан.