Қазпошта

Қоғамдық байланысҚазақстан

«Қазпошта» АҚ – ҚР Ұлттық почта операторы, Дүниежүзілік почта одағында Қазақстанның почта әкімшілігінің мүддесін білдіреді, жалпы мемлекеттік инфрақұрылымның негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

«Қазпошта» АҚ почталық, қаржылық, брокерлік, агенттік, электрондық қызметтердің үлкен спектрін ұсынады. «Қазпошта» АҚ иелігінде Қазақстанның, әсіресе аудандық және ауылдық жер деңгейінде іс жүзінде бүкіл аумағын қамтитын, елдегі ең ауқымды филиалдық желісі бар. Почта желісі бизнес және халық үшін электрондық сауданы, көлік-логистикалық сервисті, қаржылық қызметтерді алға жылжыту үшін тиімді құрал болып табылады.