Имсталькон

ҚұрылысҚазақстан

«Имсталькон» акционерлік қоғамы жарты ғасырлық іс-әрекет тәжірибесі бар Қазақстанның ең үздік құрылыс компанияларының бірі болып табылады.

Компанияның негізгі әрекеті металл құрылымдарды дайындау және құрастыру. Қазіргі уақытта металл құрылымдардың өнеркәсіптік және азаматтық құрылысындағы қажеттілігін ескере отырып «Имсталькон» АҚ тапсырушыға дайын объектті жобалаудан бастап тапсыруға дейін құрылыс өндірісінің толық кезеңін ұйымдастырудың мүмкіндігін ұсынады.

«Имсталькон» АҚ-ның кәсіпорындарында дайындалған құрылымдардың қызмет мерзімінің ұзақтығын және ауарайының өзгеруіне байланысты төзімдігін, болаттың дұрыс маркасын таңдаудан бастап қажетті сыр-бояуына шейін сапалы жоғары технологиялық өндірісімен жәрдем көрсетуді қамтамасыз етеді.

«Имсталькон» Акционерлік Қоғамы өз қызмет кезеңіне 5 миллионнан астам металл құрылымдарын дайындап құрастырған.