Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы

Мұнай және энергетикаҚазақстан

«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» акционерлік қоғамы («ОАЭК» АҚ, бұдан әрі — «Компания») — вертикалды түрде біріктірілген компания болып табылады, компания 2008 жылғы 8 тамызда құрылды. Компания екі миллионнан астам адамды электр қуатымен қамтамасыз етеді. «ОАЭК» АҚ-ның Қазақстанның аймағындағы еншілес компанияларының қатарына қуатпен қамсыздандырудың барлық буындарын — генерациялауды, тасымалдауды және өткізуді қамтитын «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жатады. Стратегиялық мақсат - электр және жылу энергиясымен қамту саласында өндіріс, тарату, беру және кепілді өткізу ағындарының синергиясы негізінде халықты үздіксіз әрі сенімді қызметпен қамтамасыз ететін тиімді жеке энергетикалық компания құру болып табылады.