Өзбекстан - Орталық Азияның орталығында шамамен 32 миллион халқы бар мемлекет. Самарқанд, Бұхара, Хива, Ташкент секілді ежелгі түрік ислам өркениетінің қалалары бар мемлекет бүгінгі күні Президенттік жүйе арқылы басқарылатын республика болып табылады.Өзбекстанның атауы Алтынорда Бегі Өзбектің атымен аталнған. Өзбек хан 1313-1340 жылдары Алтынорда мемлекетін басқарған. Тарихи дереккөздерге сәйкес, бұл одақ өзбектер деп аталған. Бұл сөз белгілі бір түрік қоғамдастығының атауы ретінде пайдаланылады.Алтынорда хандығын ұлы билеуші Шыңғыс Ханның немересі Батый Хан құрған. Алтынорда хандығы 1319 жылы Дунай және Едирне қалаларына дейін созылады. 1335 жылы Батый хан Әзірбайжанға барады. Танымал саяхатшы Ибн Батута өзбек ханына сілтеме жасап, оны күшті әскері бар ірі мемлекет екенін атап өтеді.Осы кезеңде барлық Қыпшақ халықтаының түрікше сөйлейтін еді. 1428-1468 жылдар аралығындағы Өзбектер бір-бірімен өте жақын ынтымақтастық құрады, ал 1500-1510 жылдары олар Мәуреннахр аймағын басып алады. Алайда, 1740 жылы Ирандық билеуші Бухараны басып алып, Өзбек хандығын жояды. Мұхаммед Рахым 1753 жылы Бұхара билігіне келіп және бұл кезең 1920 жылға дейін созылады.1924 жылы қазіргі Өзбекстан Республикасы құрылды, бірақ 1945 жылдан бастап орыстардың бақылауына енді. Өзбекстанда Қоңырат, Найман, Маңғыт, Тұяқты, Савай, Барын, Үш Ұрық, Егүзік, Арлат, Қанлы, Башташ, Қарақалпақ сияқты тайпалар Өзбекстанды құрайды.КСРО ыдырағаннан кейін Өзбекстан 1991 жылдың 1 қыркүйегінде тәуелсіздікке қол жеткізді.