Aynur Toleubayeva
1 жыл бұрын - 2 Dakika, 9 Saniye
traz
en
kk
ky
uz
ru
tk

Дмитрий Баландин Испания Ашық Чемпионатында Өзінің Рекордын жаңартты


Суда жүзу спортынан Олимпиада чемпионы Қазақстандық Дмитрий Баландин Испанияның Малага қаласында өткен халықаралық турнирде бұрыңғы рекордын жаңартты. 

Дмитрий Баландин Испания Ашық Чемпионатында Өзінің Рекордын жаңартты

Қазақстандық спортшы 200 метрге брасс әдісімен жүзуде үздік болды. Келесі күнгі жарыста 50 метрлік қашықтықта брасс әдісімен жүзуде де алдына жан салмады. Аталған қашықтықты Дмитрий 0:27.80 секундта жүзіп өтті. Ал Айбек Қамзенов болса  0:28.56 секунд көрсеткішімен үшінші орын алды.

Ал, үшінші спортшы болса, 100 метрге еркін әдіспен жүзуде Әділ Қасқабай күміс жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Дмитрий Баландин 2016 жылғы Рио Олимпиадасында Қазақстанның қоржынына су спортынан "Еркектер арасында 200 м қашықтықта брасс әдісі" категориясында алғашқы алтын медаль салған болатын.

Дерек: Vesti.kz.

http://stan.kz/