Dilek Özdemir
1 жыл бұрын - 8 Dakika, 16 Saniye

Экотуризм және пайдалары

Экотуризм мейлінше жаңа ұғым. Ең алғаш рет 1992 Рио Қоршаған Орта Саммитінде дүние және қоршаған орта жайында критерийлер ортаға тасталған болатын. Бұл критерийлер қорыта айқанда қоршаған ортаға залал тудырмай одан пайдалану, сондай-ақ табиғатты сақтай отырып туризмді дамыту әдістерінің жүзеге асырылуы, сонымен қатар барлық жергілікті халықтың мәдениетін жоққа шығармай, оларды туризм әрекеттерімен қабыстыру болатын.

Экотуризм және пайдалары

Экотуризм табиғатты сүйетіндер мен табиғатқа бей-жай қарамайтын туристердің қозғалысынан да кеңірек мәселе болып табылады. Шынтуайтына келгенде бұл фактор-қоршаған орта, экономика және әлеуметтік байланыстардың бүтіні деуге болады.

Экотуризм сондай-ақ әлеуметтік және мәдени қозғалыстарды да біріктіретін және бірнеше әрекетті қамтитын шара болып табылады. Экотуризмді сонымен қатар Келешек ұрпақта да жалғасын табатын Туризм деп атауға да болады.

Экотуризмнің «жергілікті дәстүрлердің жалғасуы және жергілікті халықтың аталмыш туризм шараларынан пайда табуы» ретінде қорытуға болатын екінші критериі екі маңызды принципті қамтиды. Біріншісі-экотуризм әрекетінен аймақтың жергілікті халқының да материалдық кіріс табуы.

Экотуризм және пайдалары

Бұны қамтамасыз ету үшін ең алдымен халықаралық үлкен туристік компаниялардан бөлек, мемлекеттік, тіптен аймақтық кішігірім агенттіктердің экотуризм шараларына тарту маңызды. Бұл агенттіктердің тур бағдарламаларын ұйымдастырған кезде туристік қажеттіліктерді мүмкіндігінше аймақтан қамтамасыз етулері аймаққа материалдық пайда әкелудің басты шарты болып табылады.

Екінші маңызды принцип-бір аймаққа туризм арқылы үлес қосу барысында материалдық және рухани құндылықтардың бұзылмауы принципі.

Дәстүрлі мәдениеттердің, құндылықтардың қаймағы бұзылмай сақталған аймақтарда туристік топтардың бұл құндылықтарға құрметпен қараулары тиіс(киіну әдебін сақтау, діни және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау, жергілікті ішіп-жеу, көңіл көтеру ғұрыптарына сай әрекет ету және мүмкіндігінше оларға қатысу, т.б. )

Сондай-ақ туризм секторы жағынан алып қарасаңыз да, тұтынушы жағынан алып қарасаңыз да жергілікті дәстүрге сай емес заманауи архитектуралық ғимаратта орналасқан кешеннен гөрі мирас ретінде сақталған дәстүрлі қонақжай кешендерінің таңдалғаны және оларға қолдау көрсетілгені жөн.

Қазіргі таңда дүние жүзінде бұл қоршаған ортаны қорғауды принципі етіп алған агенттіктер және олардың турлары қолдауға ие және көбіне сол бағыттағы агенттіктерді таңдайтындардың саны көп. Тіптен бұл бағытта қызмет көрсететін агенттіктерге арнайы жүлделер, сертификаттар беріледі.

Әлемдегі барлық адамдардың бір-бірімен кездесуі, аралас-құралас болуы және тату-тәтті бір жерде уақыт өткізе алуын қамтамасыз ететін туризм шаралары тек осындай түсінікке сүйене отырып қана, материалдық және рухани құндылықтарға зиян тигізбей жалғасын таба алады.