Harun Macit
2 жыл бұрын - 7 Dakika, 10 Saniye

Ежелден бүгінге дейін хажамат емі

Хажамат (банкамен емдеу) деп банка көмегімен терінің үстінен қатты қысым тудыра отырып, кесулер арқылы қанды шығару процесімен аяқталатын кішігірім ота процедурасын айтады. Хажама әрекетінің алғашқы рет қай жерде жасалғаны белгісіз, десе де антикалық өркениеттерде жүзеге асырылғаны турасында мәліметтер бар. Заманауи медицинаның негізін қалаушылар болып табылатын Гиппократ пен Гален де хажаматты жақтаушылар және қолданушылар болғандығы баяндалады. Бабил және Асур императорлықтарында хажама үшін манданың мүйізі қолданғаны жайлы сазбалшықтарға шегемен жазылғаны айтылады(б.з.д. 700 жылдар).

Ежелден бүгінге дейін хажамат емі

Ислам медицинасында дымқыл банкамен емдеу ісінде Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) ілімдеріне сүйенеді. Орта Азияда мұсылман дәрігерлер хаджаматты жиі қолданған және Ибн-Сина «El Kanun Fit Tip(Медицина Заңдары)» атты еңбегінде хажаматтың артықшылығын «органның қалдықтарын шығаруды қамтамасыз етеді» деп көрсеткен болатын.

Ренессанс кезеңінде хажамат Италия және Еуропаның бірнеше мемлекетінде жиі қолданылған болатын; 14-ғасырда Францияда шаштараздар тарапынан жүзеге асырылған. Британия парламенті тәжірибесіз шаштараздардың хажаматты ары қарай жасауларының және қате жасауларынының алдын алу үшін Оксфорд және Кэмбридж Университетінің түлектеріне жүзеге асыруға болады деген шешім шығарған болатын. Осман Империясында хажамат кең қолданылған; Сұлтан ІІ Абдулхамат Ханның ұйқысыздықтан құтылу үшін хажамат жасатқаны туралы Осман Империясы архивтеріндегі тіркеулерде сақталған.

Хажамат жасау барысында хайуандардың мүйізі, бамбук, керамика және шыныяақтар сияқты түрлі материалдар қолданылған.

Ежелден бүгінге дейін хажамат емі

Пайдасы шаш-етектен саналатын хажамат емі қазіргі таңда Ресей, Америка, Канада, Қытай және халқы мұсылман мемлекеттің көбінде кеңінен таралған. Алайда ем қате жүзеге асырылғанда күлдіреген жаралар, терең жаралар және күйіктер орын алуы мүмкін екенін естен шығармау қажет.

Денсаулық Сақтау Министрлігі де бұл жанға дәру емнің маман еместер тарапынан және гигиенаға сай емес орталарда жүзеге асырылуының алдын алу мақсатында дәрігерлер және тіс дәрігерлері үшін хажамат сертификаттау процессін қолға алды. Стамбул, Анкара және Кайсеріде министрлікке қарасты бірнеше аурухана мен денсаулық орталықтарында бұдан былай ресми түрде хажамат жасалатын болады.

Қалағанға денсаулық үшін, қалағанға сүннетті орындау үшін хажамат жасатқысы келетін әр адамға Денсаулық Министрлігіне қарасты мекемелерде жасатуларына кеңес беремін.

Зор денсаулық тілеймін...