Dilek Özdemir
1 жыл бұрын - 5 Dakika, 18 Saniye

Ұлы Жібек жолы бойында орын тепкен Бурана мұнарасы

Ұлы Жібек жолы бойында орын тепкен Бурана мұнарасы


Қарахан мемлекеті Ислам дінін қабылдаған алғашқы түрік мемлекеті болып табылады. Бұл мемлекетті көшпенділіктен отырықшылыққа өткен түркі тайпалары құрған болатын. Тянь –Шань тауларынан бастау алып жазық далаға дейін созылатын Шу өзенінің жағалауын ежелден-ақ түркі тайпалары мекендейтін. ІХ ғасырда осы маңда бой көтерген Қарахан мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласы Жібек жолы бойында орналасқан еді. Баласағұн – өз дәуірінің мәдени орталығы болған қала. Мұнда өнер мен білім, математика, астрономия, пәлсапа секілді ғылым салалары дамыған еді.

Қырғызстанның астанасы Бішкектің шығысында 84 км қашықтықта орналасқан Тоқмақ қаласының маңындағы Шу алқабында ежелгі қала Баласағұн аумағында Бурана мұнарасы бар. Жібек жолының бойында орын тепкен Бурана Қарахан мемлекеті дәуірінде әрі мешіт мұнарасы, әрі алысқа көз жіберетін бақылау мұнарасы ретінде қолданылған.


Ұлы Жібек жолы бойында орын тепкен Бурана мұнарасы


Негізінен, Бурана мұнарасы ХІ ғасырда салынған бір мешіттің мұнарасы болып табылады. Биіктігі 45 метрлік мұнара жер сілкінісі кезінде құлаған, кейінірек алғашқы құрылысы сақтала отырып қалпына келтірілген. Қырғызстанның көрнекті орындарының бірі саналатын 25 метрлік Бурана мұнарасы балшықтан құйылған кірпіштерден тұрғызылған. Кірпіштердің көлемі 25x25x5 см. Сыртқы қабырғасы кірпіштермен өрнектеле отырып, өрілген.

Мұнараға шығу үшін әуелі темір баспалдақпен жоғары шығып, тар есіктен кіру қажет. Осы жерден тек бір кісі жүре алатын тар баспалдақтармен жоғары өрлеп, мұнараның үстіне шығуға болады. Кірген жерден бастап бұралаң жолмен жоғары көтерілетін баспалдақ пен екі терезе мұнараның ішіне жарық түсіріп тұрады. Жоғары шыққанда айнала алақандағыдай көрінеді және ғажап көрініс көз тартады. Бурана мұнарасының ішінде кімдікі екені белгісіз мазар бар. Айналадан табылған тарихи жәдігерлер және қолөнер бұйымдары мұнараның ішінде сақтаулы тұр.