Sevde Kalafat
2 жыл бұрын - 5 Dakika, 48 Saniye

"Мевлана" академиялық алмасу бағдарламасы - әлемге ашылған есік

"Мевлана" академиялық алмасу бағдарламасы - әлемге ашылған есік


Университеттегі жылдар – өміріміздің маңызды кезеңдерінің бірі. Университетте алған білім ойлау көкжиегімізді кеңейтуге, мәдени тұрғыдан өзімізді дамытуға, өмір сүру сапасын арттыруға зор мүмкіндік береді. Ал шетел университеттерінде бір семестр болса да білім алу тіл үйренуге, сол елдің мәдениетімен жақынырақ танысуға, тарихын үйренуге көмектеседі. Осы тұрғыдан алғанда, студенттердің шетелдік университеттерде білім алуына «Мевлана» академиялық алмасу бағдарламасы тамаша мүмкіндік береді.

«Мевлана» бағдарламасы елдегі жоғары оқу орындары мен шетелдік оқу орындары арасында академиялық алмасу арқылы студенттердің білім алуына, ал оқытушылардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның басқаларынан бір айырмашылығы – географиялық аймақтар мен мемлекеттерге, олардың өзгешеліктеріне қарамай, бүкіл әлемдегі жоғары оқу орындарын қамтиды. Осы бағдарламамен шетелге барғысы келген студенттер үшін білім алуға ең аз – бір, ең көп – екі семестр; оқытушылар үшін шетелдік университетте дәріс оқуға ең аз – бір апта, ең көп – үш ай мерзім беріледі.


Осы бағдарлама аясында шетелге аттанған студенттер сол елдің мәдениетімен танысады, тіл үйренеді, сондай-ақ тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады. Студенттерге білім алу үшін шетелде өткізген семестрі барысында шәкіртақы төленеді.

Қабылдау шарттарында көрсетілгендей бакалавр, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша күндізгі бөлімде білім алып жатқан шәкірттер құжат тапсыра алады. Бакалавр студенттері үшін GPA орташа балы 2,5 пен 4 арасында болуы тиіс. Магистратура мен докторантураға өтініш беру үшін GPA орташа балы 3 болуы тиіс. Жалпы балдың 50 пайызы GPA балынан, 50 пайызы тіл сертификаты балынан тұрады. Өтінішті ғаламтор сайты арқылы тапсыруға болады. Сонымен қатар «Мевлана» академиялық алмасу бағдарламасының координаторлық кеңселерінде беруге болады.

«Мевлана» академиялық алмасу бағдарламасы арқылы мына елдерге баруға болады:

АҚШ

Ресей

Жапония

Қытай

Әзірбайжан

Оңтүстік Корея

Тайланд

Канада

Украина

Австралия