Aynur Toleubayeva
1 жыл бұрын - 3 Dakika, 19 Saniye
tr
az
en
kk
ky
uz
ru
tk

Әндіжанда Орталық Азиядағы Алғашқы Инсулин Зауыты Ашылды

Орта Азиядағы «Замин Био Денсаулық» инсулинін шығаратын алғашқы зауыт ашылды. Зауыт 27 сәуір 2018 жылы «Trustbank» қаржылық қолдауымен Әндіжан қаласында іске қосылды.

Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, зауыт жылына орта есеппен 10 миллион инсулин бөтелкесін шығаратын болады. Сонымен қатар өлкеде зауыт 100-ден астам жаңа жұмыс мүмкіндіктерін тудырды. Осы уақытқа дейін Өзбекстанға инсулин шетелден импортталып келген.

Әндіжанда Орталық Азиядағы Алғашқы Инсулин Зауыты Ашылды

Республиканың Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта диспансерлік тіркеуде 100 мыңнан астам өзбекстандық диабет ауруына шалдыққан. Оның ішінде балалар да бар. Бұл жоба өзбек президентінің 2017 жылдың 2-3 маусым аралығында Әндіжан облысына сапарынан туындаған болатын. Зауыттың ашылу салтанатына Әндіжан облысының әкімі Шухратбек Абдурахманов пен «Trustbank» басқармасының төрағасы Сардор Норманхамедов қатысты. Өзбекстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекет тарапынан қант диабеті бар науқастар ақысыз дәрімен қамтамасыздандырылады. Алайда, Өзбекстандық эндокринологтардың пікірінше, қазіргі уақытта мемлекеттің инсулин сатып алуға бөлінген қаражаты жеткіліксіз.

Дереккөз: 

https://rus.ozodlik.org

www.trend.az

www.gazeta.uz