Sevde Kalafat
1 жыл бұрын - 1 Dakika, 53 Saniye

Ресей - Қырғызстан Даму қоры Эксимбанкпен келіссөзге қол қойды

Ресей - Қырғызстан Даму қоры Эксимбанкпен келіссөзге қол қойды


Қырғызстан – Түркия экономикалық ынтымақтастығының артуы жолында маңызды қадам жасалды. Қырғызстанда құрылған Ресей – Қырғызстан Даму қоры Түрік Эксимбанкпен келіссөзге қол қойды. Ресей – Қырғызстан Даму қорының төрайымы Бакыт Курманбекова түрік – қырғыз іскерлік әлемінің алға жылжуы үшін зор мүмкіндік туғанын айтып өтті. Сондай-ақ Түркиядан қажетті құрал-жабдықтар сатып алуда бұл мәселенің қырғызстандық іскер адамдарға жеңілдік туғызатынын атап айтты.

Курманбекова Түркия – Қырғызстан қарым-қатынасының қалыпты жағдайға келгенін айта келіп, бұл ынтымақтастықтың жақын арада оң нәтиже беретініне сенім білдірді.

Дереккөзі: İHA