Dilek Özdemir
1 жыл бұрын - 13 Dakika, 45 Saniye
traz
en
kkky
uz
ru
tk

Сұлулығы бірінен бірі асқан табиғаты мен Тантуни тағамының астанасы Мерсинде көруге тұратын 10 жер

Сұлулығы бірінен бірі асқан табиғаты мен Тантуни тағамының астанасы Мерсинде көруге тұратын 10 жер

Мерсин-Жерорта теңізі аймағының ең үлкен қалаларының бірі. Оңтүстік жағалаудағы қарапайым демалыс ауданы секілді көрінгенімен Мерсин бірнеше өркениеттердің бір-бірімен табысқан, көптеген тарихи және мәдени мұраларымен де маңызды жер деуге болады. Теңіз, құм, күн секілді жаттанды демалыс түсініктерінен бөлек тарихтың куәсі болған бұл қалада антикалық кенттердің көбі әлі сол күйінде сақталған. Бұл таңдаулы шаһарда бір тарих және табиғат серуеніне шығайық. Сондай-ақ серуен барысында дәмі ешбір дәмге ұқсамайтын тантуниді де татып көрейік.

1-Есхаби Кехф Жеті ұйықтаушылар үңгірі: Мерсиннің Тарсус ауданына қарасты Деделер ауылында орналасқан. Аумақ Тарсустан 12 км қашықтықта. Есхаби Кехф үңгірі христиан және мұсылмандардың қасиетті тәуап жері ретінде білінеді. Жеті ұйықтаушылар хикаясында 6 кісі және 1 шопан туралы айтылады. Хикаядағы кісілердің аты түрлі баяндауларда түрліше айтылады. Алайда бұл есімдерден көп танылғандары Йемлиха, Мекселина, Мислина, Мернуш, Дебернуш, Сазенуш, Кефештаййуш және иттерінің аты Кытмыр ретінде баяндалады.

2- Жәннат және Жәһаннам шұңқырлары. Жан-жақтары тік терең шұңқырлар. Мерсин-Силифке тас жолының 21 километрінде Нарлыкуйу қалашығына жақын орналасқан Жәннат және Жәһаннам шұқырлары бір жерасты өзені тудырған химиялық эрозионнан жердің жарылуы нәтижесінде пайда болған үлкен шұңқырлар. Шұңқырлардың біреуіне Жәһаннам шұңқыры делінуінің себебі оның түбіне арнайы топтың көмегінсіз түсудің мүмкін еместігінен туындаған. Жәннат шұңқырында тарихи шіркеудің орналасуына байланысты аталмыш атауды иемденген.

Сұлулығы бірінен бірі асқан табиғаты мен Тантуни тағамының астанасы Мерсинде көруге тұратын 10 жер

3- Астма үңгірі: Силифкедегі Жәннат-Жәһаннам шұңқырларының 300 метр жақын оңтүстік батысында орналасқан Астма үңгірі-аймақтың географиялық құрылымын ең жақсы көрсететін жердің бірі. Ішіне темір баспалдақпен түсуге болатын үңгір 200 метр ұзындықтарға бөлінген бірнеше галлереядан тұрады. 3-геологиялық кезеңге жататын іздерді көруге болатын үңгірдің астма ауруларына шипа болатындығы айтылады. Үңгірдің айналасындағы ағаш және бұталарға тілек мата байлайтындықтан үңгірге Тілек Үңгірі деп те айтады.

Сұлулығы бірінен бірі асқан табиғаты мен Тантуни тағамының астанасы Мерсинде көруге тұратын 10 жер

4-Адам Жартастар:Б.з.д 1 ғасыр мен б.з 2 ғасыр араларында жасалған деп болжанған үлкен көлемдегі адамға ұқсайтын жартастарға Адамжартас аты берілген. Қызкалесі ауданына 7 км қашықтықтағы терең үңгірдің тік жартасында орналасқан және 12 жартастан тұратын туындылар қазірге дейін жеткен.

Сұлулығы бірінен бірі асқан табиғаты мен Тантуни тағамының астанасы Мерсинде көруге тұратын 10 жер

5- Йумуктепе Шоқысы. Мерсинде орналасқан тарихы б.з.д.7 мыңыншы жылдарға дейін кететін Анадолының ең ескі өмір сүрген жерлерінің арасында саналады. Йумуктепе Шоқысы шамамен 9 мың жыл бұрын Неолитик дәуірінің дихандары тарапынан құрылған.

6- Тарсус сарқырамасы; Тарсустың солтүстігінде орналасқан Бердан өзенінің үстінде орын тепкен Тарсус сарқырамасы аймақ тұрғындарының солық алатын мекені деуге болады. Рим императорлығы кезінде мазар ретінде қолданылғандықтан сулар тартылғанда қираған мазар қалдықтарын да көруге болады.

Сұлулығы бірінен бірі асқан табиғаты мен Тантуни тағамының астанасы Мерсинде көруге тұратын 10 жер

7- Тарсус Ұлы мешіті; 1579 жылы Рамазаноғлының басшысы Пири Мехмет Пашаның ұлы Ибрахим бей салдырған. Кенттің ең ескі және кезінде ең орталығы болған аумақта орналасқан мешіт айналасындағы мазармен және қаланы абаттандыру бөлімінің шешімімен 1895 жылы салынған сағат мұнарасымен бірге үлкен бір кешен қалпын әлі сақтап тұр. Джамии Кебір немесе Джами Нұр деп аталатын мешіттің шетіндегі мазарда Хазыреті Шит, Хазыреті Локман Хеким дәне Халифе Мемун мазар бөлмелері орын тепкен.

Сұлулығы бірінен бірі асқан табиғаты мен Тантуни тағамының астанасы Мерсинде көруге тұратын 10 жер

8- Канлыдиване Антикалық қалашығы: Эрдемли елдімекенінде орын тепкен Канлыдиване Мерсиннің орталығына 50 км қашықтықта. Олба корольдігінің шекарасындағы діни орталық болғаны жайлы айтылса да дихандықпен айналысқан кент іздері де табылған. Б.з.д.2 және б.з. 7 ғасырлар арасында тоқтаусыз тұрғылықты мекен болған кентте ең қызықты қазба жұмыстары зейтін өндіру ательесінің табылуынан соң орын алған. Антикалық жағалаумен байланысты маңызды сауда ортылығы ретінде де білінетін Канлыдиване Кентінде қорған қалдықтарын да көруге болады.

Сұлулығы бірінен бірі асқан табиғаты мен Тантуни тағамының астанасы Мерсинде көруге тұратын 10 жер

9- Қыз қорғаны; Эрдемли Корикос жағалау қорғанынан 200 метр ұзақтағы кішігірім аралда орналасқан қорғанға Қыз қорғаны атауы берілген. Қыз қорғаны Эрдемліге 23, Мерсинге 60 км қашықтықта орналасқан. Қыз қорғанындағы қирандыларда қақпаны, шіркеуді, суқойманы, жартас мазарларын, су құбырларын, мола және тас төселген жолдарды көруге болады.

Сұлулығы бірінен бірі асқан табиғаты мен Тантуни тағамының астанасы Мерсинде көруге тұратын 10 жер

10-Айналыкөл үңгірі: Мерсинге қарасты Айдынджықта орын тепкен Айналыкөл үңгірі Түркияның соңғы уақытта табылған ең маңызды табиғат кереметтерінің біреуі. Үңгірді Айдынджыққа 10 км қашықтықтағы Кеме Тұрағына жақын жерде бір шопан 1999 жылы кездейсоқ тапқан. Гилиндире үңгірі ретінде де білінетін бұл жерге темір баспалдақпен түсуге болады. Ішінде жартысы тұщы, жартысы ащы көл де бар үңгір жоғарыдан төменге қарай түскен, төменнен жоғарыға қарай шыққан сталагмиттерімен көргендерді баурап алады.