Sevde Kalafat
2 жыл бұрын - 6 Dakika, 57 Saniye

Шаманизмнен қалған салт-жоралар

Шаманизмнен қалған салт-жоралар


Шаманизм – әруақтармен және Тәңірімен адамдар арасында байланыс құра алатын шаманның (бақсының) көмегімен сырқат адамды емдеуге, әруақтардың жақсы әсерін қабылдап, жаман әсерін кері қайтаруға болады деген түсінікке негізделген ежелгі наным-сенімнің бір түрі. Ондай байланыс құрарда шаман (бақсы) ерекше күйге енеді. Бұл сенімнің негізінде ата-баба әруақтары мен табиғат құбылыстарына табыну жатыр. Орталық Азия шаманизмінің негізі Көк тәңірі, күн, жер, су, от және ата-бабалар культіне сүйенеді.

Шаманизмнің әсері Анадолыда да байқалады. Бұған мысал ретінде күні бүгінге дейін ағашқа, тасқа, бұлақтың маңайына шүберек байлау әрекеттерін келтіруге болады. Әлі күнге тілек тілеген адамның кесенелер мен ағаштарға шүберек қиындысын байлап кетуі – шаманизмнің әсерімен қалыптасқан әдет.

Қорғасын құю деп аталатын салт та – шаманизмнің қалдығы. «Құт құю» деп аталатын бұл салт қара ниетті әруақтардың бірі ұрлаған «бақ пен бақытты» кері қайтару үшін жасалатын болған.

Шаман якуттар мен алтайлықтардан алынған ағаш культы Анадолының кей жерлерінде әлі күнге кездеседі. Бұған бедеу әйелдің ағаштың астынан өтуі, ағашқа жалбарынып, бала сұрауы мысал бола алады.


Шаманизмнен қалған салт-жоралар


Албасты атты қара ниетті рухтың бар екеніне деген сенімнің тамыры да шаманизмде жатыр. Албасты түсінігі мұсылман түркілерде де бар. Жас босанған әйел мен нәрестеге қара ниетті рухтардың кесірі тимесін деген оймен әйелдің шашына қызыл лента немесе шүберек байлаған, ал жастығына түйреуіш тағатын болған. Бұл түсінік ел арасында әлі де кездеседі.

Бүгінде бәріміз білетін «көз моншақтың» көз тиюден сақтайтынына сенетіндер көп. Ал бұл түсінік ерекше қасиеті бар кісі бір адамға немесе балаға қараса, көзі тиеді, яғни жаман әсері болады деген сенімнен келіп шыққан. Көз тию түсінігі – түркілердің ең ескі нанымдарының бірі.

Үйден шыққан қонақтың артынан су шашу да шаманизмдегі су культіне байланысты шыққан. Жағымсыз бір нәрсе естігенде ағашты немесе қатты бір затты қолмен үш рет тықылдата қағу жамандықтан сақтануға көмектеседі және мұны қара ниетті рухтардың естуіне кедергі болады деген сенімнен шыққан.

Шаманизмдегі түсініктерге сәйкес әруақтардың келгенін ит сезе алады. Сезісімен ұли бастайды. Сондықтан иттің ұлуы Анадолыда әлі күнге жамандықтың белгісі ретінде қабылданады.


Шаманизмнен қалған салт-жоралар


Шамандар өз салт-жораларында қобыз тартқан. Қобызсыз, әуенсіз жора жасалмаған. Анадолы алевилігіндегі ғибадатты да әуенсіз елестету мүмкін емес. Мұнда да шаманизмнің әсері байқалады.