Yücel Tanay
1 жыл бұрын - 8 Dakika, 3 Saniye

Шығыс Түркістан Тәуелсіздік қозғалысының аты аңызға айналған көшбасшыларының бірі Алтай Бүркіті Осман Батыр

Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен көтеріліс көшбасшысы - еркіндік жауынгері Оспан Исламоғлұ Алтай қазақтарының арасынан шыққан. XX ғасырдың бірінші жартысында Қытайлар мен Ресейге қарсы тәуелсіздік үшін күресіп, 1951 жылы қытайлар тарапынан қаза тапқан.

Шығыс Түркістан Тәуелсіздік қозғалысының аты аңызға айналған көшбасшыларының бірі Алтай Бүркіті Осман Батыр


Өмірбаяны

Негізгі аты - Оспан Исламоғлұ. «Батыр» - оған батылдығы мен ержүректігі үшін халықтың берген аты болып табылады. 1899 жылы Алтайдың Көктоғай ауданындағы Өңдірқара ауылында дүниеге келген. Ол орта тап жанұясынан шыққан Алтай қазағы Исламның ұлы. Көшпелі қазақтардың ортасында өскен. Жасы 10-ға келгенде Осман Батыр шабандоз және аңшылықты шебер меңгерген, соғыстың қыр-сырын 12 жасынан бастап Түркия қазақтарынан шыққан Бөке батырдан үйренеді.  Қытайлардан жеңілгеннен кейін Бөке Батыр Тибет арқылы  туған жері Түркияға қашқан жерінде ұсталып басы кесілген. 40 жасына дейін ауылшаруашылығымен айналысқан. 1940 жылы қытай үкіметі өз қысымын күшейткен кезде, қаруын алып жалғыз тауға шығады. Жалғыз өзі бастаған соғысты 1951 жылдың 29-шы сәуіріне Үрімжіде өмірінің аяғына дейін жалғастырған.

Күресі

1911 жылы қытай және орыстарға қарсы бастаған соғыста Оспан Батыр бүкіл Алтай жерлері мен Шығыс Түркістанды қытайдан азат етуді көздеген. Екінші Дүниежүзі Соғысы  кезінде Шығыс Түркістандағы түріктерге қарсы қысым күшейгендіктен халықтың наразылығы артып, Оспан батырдың беделінің өсуіне негіз болады.

Алтайды қытайлықтардан тазарта бастаған Оспан Батыр 1943 жылы көздеген мақсатына жете бастады. 1943 жылдың 22 шілдесінде Бұлғұнда Оспан Батырды Алтай қазақтарының  Ханы деп жарияланды. 1945 жылына қарай  келгенде Шығыс Түркістанның  бірнеше қалалары Түріктердің бақылауына көшкен болатын. Ушыққан жағдай қытайлықтар үшін аса қауіпті болған соң,  Қытай армиясы аймаққа  қарқынды операция жүргізе бастады. Тарбағатай және Алтай аймағынан шамамен 30 мың әскермен бастағанына қарамастан, 1950 жылында бұл көрсеткіш төрт мыңға дейін төмендеген. Қатарында Әлібек Хәкім сияқты жолдастары бар еді.

Оспан Батыр 1951 жылы Қанамбалда түрмеге қамалып, Үрімжіге жеткізілген.

Оспан Батыр халық алдында, 1951 жылы 29 сәуірде қолдары мен аяқтары кесілгеннен кейін атылып өлтірілген. Оспан Батырдың қазасынан кейін, балалары да азапқа ұшырады.

Шығыс Түркістан Тәуелсіздік қозғалысының аты аңызға айналған көшбасшыларының бірі Алтай Бүркіті Осман Батыр

Балаларына жасалған зұлымдыққа қарсы тұра алмай, ақылынан адасқан Мәмей Қатын, көпіре аққан ағысы қатты өзенге өзін-өзі лақтырды.

Шығыс Түркістандық түріктердің айтуынша, 1951 жылдың 29-шы жұлдызында Оспан Батырдың шейіт болған күнін "Күннің сөнуі" деп атаса, керісінше әлдеқайда күштірек жарқырайды.

Қытайлықтар әртүрлі зұлымдықты жасады, бірақ Оспан Батырдың ұлтына деген жүрегіндегі еркіндік отын өшіре алмады! Оның есімі тіпті күні бүгінге дейін  Пекин әкімшілігін тітіркендіреді!

Бүгін, қайтыс болған күніне орай, біз Алтай Бүркітін құрметпен еске аламыз.

Рухы шад, Жаны жәннәтта болсын!