Dilek Özdemir
1 жыл бұрын - 7 Dakika, 58 Saniye

Стамбұлда тарих иісі аңқыған даңғыл... Истикляль

Истикляль даңғылы Стамбұлдың ең ескі аудандарының бірі «Бейоғлы» ауданында, тарихи Түннельден Таксим алаңына дейінгі аумақты қамтитын территорияда орналасқан. Ұзындығы шамамен 1400 метр болатын даңғылдың қалыптасуы Византия дәуірінен бастау алады. Даңғылдың басында оң жақ бетте бір қабатты ғимаратта орын тепкен Француз Мәдениет Орталығы мен консулдығы бар. Бір кездері оба ауруын емдейтін аурухана ретінде салынғандықтан оба және өліммен байланысты шым-шытырық тарихы бар. Тақтайдан салынған Француз Оба Ауруханасы 1600-жылдардан бастап түрліше өзгере келіп, 1898 жылы тақтай ғимарат бұзылып орнына қазіргі бетон ғимарат салынған...


Стамбұлда тарих иісі аңқыған даңғыл... Истикляль


Француз Мәдениет Орталығының аяқ жағынан бастап Галатасарай Лицейіне дейін жететін трамвай рельсінің шамамен 1-2 метр астында 2012 жылдың алғашқы айларында табылған тарихи қалдық су туннелі бар. Тағы біраз адымдасаңыз Аға мешітін көзіңіз шалады. Бұл мешіт Истикляль даңғылындағы ең алғашқы мұсылмандық ғимараты болып табылады және қайғылы тарихы бар. Сәулетші Синанның Истикляль даңғылында қолы тиген бір жер бар және ол жер осы мешіттің ішінде... Аға мешітінің дәл қасында Румелі деп аталатын сауда сарайы бар. Ғимаратқа кірместен бұрын кіреберіс есігіне назар аударыңыз. Өйткені бұл есіктегі оюлар жай ғана тастар емес, бай Осман империясының болмысын алдыңа жайып салатын керемет тарихи мөр деуге болады.


Стамбұлда тарих иісі аңқыған даңғыл... Истикляль


Біраз жүрген соң Истикляльдің гүл секілді пассажы алдымызға шығады: Гүл пассажы, гүл секілді тарихы бар бұл пассаждың. Сонымен Галатасарай алаңына табан тіредік. Алаңға атауын берген лицейдің қақпа есігі шынымен көздің жауын алады. Галатасарай-Галатаның үстіне құрылған сарай деген мағынаны білдіреді. Алаңда болат тұрбалардан тұратын әдемі ескерткіш те бар. Бұл ескерткіш-Бейоғлының ондаған символының біреуі. Мемлекеттің құрылғанына 50 жыл толуына орай орнатылған бірақ мұнан да терең мазмұны бар. Одан сәл ілгеріде барлығына кіруге рұқсат Сент Антуан шіркеуі орналасқан. Бұл шіркеу сондай-ақ Стамбұлдың ең үлкен шіркеуі болып табылады. Құрылысы аттай 10 жылға созылған. «Сент Антуанның» қарама-қарсысында Эльхамра сарайы бар. Эльхамра-Истикляль даңғылындағы шығыстың иісі аңқыған жалғыз ғимарат. Сәл жоғарыда көрер көзге көп шалына бермейтін бір шіркеу бар. Францискан шіркеуі Санта Мария. Даңғылдың астында, тек 20-30 баспалдақтай түсіп кіруге болады. Сонымен Истикляльдың ең ерекше ғимаратына да келіп жеттік. Орыстардың агенттік және өнер бесігі Нарманлы. Бірнеше адым жүріп Түннель алаңына барамыз және бұл жерде бізді Стамбұлдың ең алғашқы ғимараттарының бірі Шерефоғлы ғимаратын көре аламыз. Стамбұлдың алғашқы ғимараттары Галата ауданында бой көтере бастады. Өйткені бұл аудан Стамбұлдың сауда, экономика және еуропаша өмір сүру салтының орталығы болатын. 

Стамбұлда тарих иісі аңқыған даңғыл... Истикляль