Dilek Özdemir
1 жыл бұрын - 5 Dakika, 4 Saniye

Стевия - табиғи емдік шөп

Стевия - табиғи емдік шөп


Отаны Парагвай болып саналатын стевия өсімдігі – қант диабетін емдеу үшін таптырмас дәрі. Әлемнің түкпір-түкпіріне тез тарап үлгерген бұл өсімдік Түркияда алғаш рет Ризе маңында тәжірибе ретінде өсірілген. Тәжірибе барысында жақсы нәтижелерге қол жеткізілген. Ғасыр өсімдігі ретінде аталып жүрген стевия арнайы өңдеуден өткізілген соң қанттан 400 есе тәтті дәмге ие болады.

Қант диабетімен қатар жоғары қан қысымы мен артық салмақты емдеуде қолданылатын стевияны табиғи қант алмастырғыш деуге болады. Құрамында ешқандай қант болмаса да, дәм сезу жасушаларына дәмді 400 % тәтті етіп сезіндіреді.

Стевия құрамындағы стевиозид элементін дәм сезу мүшесі кәдімгі қанттан 200-300 есе тәтті дәм ретінде қабылдайды. Бір шымшым стевия ұнтағы бір литр шай, кофе немесе басқа да сусындарға тәтті дәм беруге жеткілікті. Стевияны тұтынса, оның ағзаға сіңуі үшін шақпақ қант немесе жасанды қант алмастырғышты тұтынғандағыдай инсулин бөлінбейді. Бұл шөптің тұнбасы қан құрамындағы қант мөлшерін реттеу үшін қолданылады.

Стевия шөбінің пайдасы:

* Стевия шөбінде ешқандай калория жоқ, сондықтан артық салмақтан арылуға көмектеседі.

* Стевияны тұтынған кезде қандағы қант мөлшері көтерілмейді.

* Қант диабетіне шалдыққандар дәрігердің бақылауымен қолдана алады.

* Тісті сарғаюдан және тісжегіден қорғайды.

* Қандағы қант құрамын қалыпты жағдайда ұстап тұрады.

* Кальцийдің жақсы сіңуіне көмектеседі. Жоғары қан қысымының алдын алады.

* Бет терісін ширатады, жасартады, әжімдерді азайтады. Бет терісін күтуде косметикалық маска ретінде қолдануға болады.

* Іш қатқанда ішкен пайдалы, сондай-ақ жүйкесі жұқарған немесе депрессияға түскен адамға да жақсы көмектеседі.

* Асқазан мен ішек флорасын қорғайды.

* Ағзадағы қышқы мен сілте үйлесімін сақтайды.

* Қарсы көрсетілімі мен кері әсері жоқ .


Стевия - табиғи емдік шөп