Sevde Kalafat
1 жыл бұрын - 4 Dakika, 20 Saniye

«Түркияның ең әдемі жолының» қайғылы хикаясы

«Түркияның ең әдемі жолының» қайғылы хикаясы

Мугла мен Мармарис қалаларын бір бірімен жалғайтын сұлу Гөкова ауданының Ақшапынар елдімекенінде жүздеген эвкалипт ағашымен көмкерілген бұл жап-жасыл дәліз секілді жол «Сүйіспеншілік жолы» деген атаулы иеленді. Мыңдаған турист келіп таспаға тартатын, сериал және киноларға да арқау болған бұл жолдың оқиғасы шынтуайтына келгенде біраз қайғылы...

«Түркияның ең әдемі жолының» қайғылы хикаясы


1938 жылы Гөкова тұрғындары мен әкімнің еңбегінің арқасында бұл ағаштар отырғызылған болатын. Ол кезде бұл алаңқай батпақ еді. Сол себепті айналада маса көбейіп, безгек эпидемиясы аймақты жайлап кеткен болатын. Ауыл адамдарын жандарынан бездірген безгектен тұрғындардың көбі қырылады. Әкімнің 7 қызының 4-еуі де осы безгекте көз жұмады. Соңғы баласы еркек болғандықтан әкім ұлының құрметіне ауыл халқына бұл батпақты құрғатып, безгектің көзін құртуға сөз береді. Ауыл әкімі тұрғындармен бірге жағдайды уәлиге (губернаторға) баяндайды, өйткені ағашты табу оңай емес еді. Сол аймақта тұратын бір жазушының қатысуымен Австралиядын жүздеген эвкалипт көшеті әкелінеді. Ағаштар ұзаған сайын батпақ құрғап, масалардың да тұқымы құриды.

Қазіргі таңда бұл жол Түркияның ең әдемі жолы ретінде танылған. Ағаштар шамамен 20 метр биіктікте. Көшеттерді әкелуге атсалысқан жазушысы Галикарнас Балықшысы болатын. Ал әкімнің ұлы-Галикарнас Балықшысының рухани ұлы профессор, доктор Шадан Гөковалы.

Мен де сіздерге табиғат кереметі саналатын бұл жолда аялдап, табиғаттың сұлулығын тамашалап, әрі оқиғасын сезінулеріңізге кеңес беремін...