Rabiya Arcan
1 жыл бұрын - 7 Dakika, 32 Saniye

Түрлі-түсті бояуға малынған «Бішкек базары»

Қырғызстан(екінші ресми аты-Қырғызстан Республикасы)Орта Азияның екі ірі тау шоғыры-Хан Тәңірі(Тянь-Шан)және Памир тауларының арасында орналасқан. Қырғызстан төрт мемлекетпен шекаралас: Оңтүстік және оңтүстік шығысында Қытаймен, солтүстігінде Қазақстанмен, батысында Өзбекстанмен және оңтүстік батысында Тәжікстанмен көрші. Орналасқан географиялық аймағының арқасында саудада өзін-өзі дамыта отырып, Азияның ең үлкен әлеуметтік базарының бірі «Дордой» базарын құрды. 1990 жылы ашылған бұл алып базар қазірге дейін қызмет көрсетіп келеді. Барлық аумағы 100 гектар жерге жайылған базарда 40 мыңға жуық сауда нүктесі орналасқан. «Дордойда» шамамен 55 мың адам жұмыс жасайды.


Түрлі-түсті бояуға малынған «Бішкек базары»


Базар нарығы: киім, аяқ киім, жиһаз, электр және электрондық бұйымдар, ойыншық, автоматериалдар, құрылыс материалдары, т.б. түрлі тұтыну тауарларына орай салаларға бөлінген. Кейбір тамақ түрлері де(мәселен фабрикада оралған түрлі консерві және тәттілер) Дордойда сатылады.

Дордойда сатылатын тауарлардың көбі орналасқан жерінің ықпалына қарай Қытайдан әкелінеді. Киімдер Тайланд және Еуропадан, музыка CD-лері жне сол секілді электроникалық жабдықтар Ресейден және Еуразиядағы кейбір мемлекеттен келген тауарларды да кездестіре аласыз.

Базарда жұмыс жасайтын және сауда жасайтын көпшілік қырғызша сөйлесе де, саудада қолданылатын негізгі тіл-орыс тілі.


Түрлі-түсті бояуға малынған «Бішкек базары»


Дордой базарының Сауда және Менеджмент қоры басшысы Сергей Пономоревтің айтуына қарағанда бүгінге дейін Дордой базарының жылдық сауда айналымына қатысты нақты зерттеу жүргізілмеген. Әлемдік Банктың зерттеулеріне сүйенсек, 2009 жылы базардың 1 жылдық сауда айналымы 4 миллиард доллар ретінде бағаланған. Базардың ағымдағы айналым көлемі 3,5 миллиард долларға теңестірілуде.

Дордой базары бірнеше шағын базарлардан құралған: Джунхай(қытай тауарларының базары), Дордой Форд(Автобөлшектер базары), Мурас Спорт(спорттық құралдар базары), Оберон(жергілікті тауарлар базары), Кербен(аяқ киім көтерме базары), Алканов и Ко(жергілікті киім ательелері базары), Дордой Восток(Түркия және басқа мемлекеттен келген тауарлардың базары), Ақ суу(Түркия және басқа мемлекеттен келген тауарлардың көтерме базары) секілділер бұл базардың ең маңыздылары болып табылады.


Түрлі-түсті бояуға малынған «Бішкек базары»


Бішкектің жергілікті халқы көбіне Дордойдан сауда жасауға тырысады. Бұның ең басты себептерінің бірі-тауарлардын әралуандығы және түрлі марка табу мүмкіндігінен бөлек барлығының қалтасына сай тауарлардың болуы. Дордойды аралап жүргенде жергілікті халық қана емес, сауда жасау үшін басқа қалалардан, басқа мемлекеттен келген адамдарға кезігуіңіз бек мүмкін. Бішкекке жолыңыз түсіп жатса, бұл түрлі-түсті базарға соқпай кетпеңіз.