Dr. Atasağun
1 жыл бұрын - 5 Dakika, 56 Saniye

Тәуелсіз Қазақстанда ұлттық мүддені қорғау мен діни танымды қалыптастырудың жолдары

Тәуелсіз Қазақстанда ұлттық мүддені қорғау мен діни танымды қалыптастырудың жолдары


Тәуелсіздік алған соң Қазақстан өзін түркі және мұсылман мемлекеті ретінде таныта бастады. Қазақстанның Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі мен Ислам Ынтымақтастық ұйымына мүше болуы – осының дәлелі. Алайда Совет одағы кезіндегі дінсіздіктің кесірінен және Ислам әлемінен ұзақта қалғандығының әсерінен түркілік сана исламдық танымнан басым түсіп жатады. Мысалы, Қазақстанның оңтүстігіндегі көрші елдер мемлекеттік туларына исламның белгісі жаңа туған айды бейнелесе, Қазақстанның туында тәңіршілдіктің символы болып табылатын күн мен көк аспан бейнеленген.

Қазақстанда түріктік таным қазақтық таным арқылы жүзеге асады. Солтүстігіңізде «пантюркизм» деген сөзді естісе құбыжық көргендей үркетін Ресей секілді алпауыт көршіңіз болса әрі халқыңыздың белгілі бір бөлігін славян тектес ұлттар құраса, түріктік туралы сөз қозғау мүмкін емес.

Адамның өзін-өзі тануы ата-бабасын танудан басталатыны белгілі. Сондықтан тәуелсіздік алғаннан кейін мектептерде Қазақстан тарихы пәні оқытыла бастады. Кеңес одағы кезінде де мектеп бағдарламасында Қазақстан тарихы атты пән болатын. Бірақ Қазақстан тарихы оқулығы пышақтың қырындай жұп-жұқа еді. Ал мазмұнына келсек, қазақтардың өз еркімен патшалық Ресейге қосылғаны жайлы жазылған болатын. Бүгінде университеттерде бірінші курс студенттеріне Қазақстан тарихы міндетті пән ретінде оқытылады. Осы пән арқылы студент жастар ата-бабаларының тарихын, өткенін оқып ұлттық танымдарын қалыптастырады. Өздерінің кім екенін, кімнің ұрпағы екендіктерін, әлемдік қауымдастықтағы алатын орындарын біліп шығады.

Мұсылмандық танымға келсек, Қазақстанда басқа дін өкілдері де тұратындықтан мектептерде Ислам діні пән ретінде оқытылмайды. Негізінен, көп отбасылар мектептен демалысқа шыққан балаларын мешітке жібереді. Қазақстанда Дін істері басқармасы бар. Бұл басқармаға имамдарды даярлау және халықтың діни сауатын ашу міндеті жүктелген. Қазақтардың діни санасы жыл сайын күшейіп келеді, мешіттер саны да жыл санап артып жатыр.

Дереккөзі: Дінмұхаммед Әметбектің 11 маусым 2014 жылы сөйлеген сөзінен