Абай Атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Almaty, ҚазақстанҚоғамдық университет

1928 жылы құрылған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті - Қазақстандағы жетекші және ірі университет, сондай-ақ, отандық педагогикалық ғылым мен мәдениеттің орталығы. Болашақ мамандарға білім беру және ғылыми жұмыстар жүргізу университеттің 7 институтында жүзеге асырылады. Олар: Математика, физика және информатика институты, Педагогика және психология институты, Филология және көптілді білім беру институты, Өнер, мәдениет және спорт институты, Жаратылыстану және география, Тарих және құқық, Сорбонна-Қазақстан институттары. Университеттің білім беру қызметі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 121 бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде бакалавриаттың 51 мамандығы, магистратураның 52 мамандығы және докторантураның 18 мамандығы. Абай атындағы ҚазҰПУ педагогикалық білім беру саласындағы ең ірі ғылыми-білім беру орталығы ретінде педагогикалық ғылымдар саласында ғылыми-инновациялық жобаларды жүзеге асырады; Қазақстандағы педагогикалық білім беру ұйымдарының жұмысын үйлестіреді, оларға ғылыми, ғылыми-әдістемелік, шығармашылық жұмыстарын дамытуға қолдау көрсетеді.

Fakülteler