Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Almaty, ҚазақстанҚоғамдық университет

Қазақ ұлттық аграрлық университеті – инновациялық бағыттағы элиталық жоғары оқу орны, Қазақстан мен Орта және Орталық Азиядағы аграрлық секторының көшбасшысы. Университет тарихы 1929 жылдан басталады. Университет бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша мамандарды даярлайды.
Университет көптеген шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтық орнатып, кредиттік технологияны енгізді. Университеттің білім беру қызметі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 96 бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде бакалавриаттың 41 мамандығы, магистратураның 39 мамандығы және докторантураның 16 мамандығы. Университеттің миссиясы агроөнеркәсіп кешеніне және әлемдік ғылым-білім кеңістігіне қажетті мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар әлеуметтік бағдарланған, жоғары мәдениетті және толерантты тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету.

Fakülteler