Dr. Atasağun
1 жыл бұрын - 9 Dakika, 57 Saniye

Әзербайжан экономикасында табиғи газдың орны және маңызы

Әзербайжан экономикасының көп бөлігін мол табиғи газ, мұнай және темір кен орындарының резервтерінен келген пайда құрайды. Әзербайжанның барлық экспортының 90%-ынан көбі мұнай және газдан тұрады.

ТАБИҒИ ГАЗ:

OGJ Әзербайжанның 2013 жылдың қаңтар айынан бері 991 миллион текше метр дәлелденген табиғи газ резервтеріне ие екендігін айтады. Табиғи газ резервінің көп бөлігі Шаһ Деңіз аймағында орналасқан, алайда Азери Чырак Гүнешлі (AÇG) кен орнынан да табиғи газ өндірілуде. Шаһ Деңіз кен орнында BP және Statoil үлестің 25.5%-іне ие. Қалған үлескерлер 10%-дық үлестен алған француз Total, орыс Lukoil, швед Naftiran Intertrade Company(NICO) және әзебайжандық SOCAR. Шаһ Деңіздегі TPAO-ның үлесі болса 9% шамасында.

Шаһ Деңіз әлемнің ең үлкен табиғи газ орындары арасында саналады. BP-нің мәліметінше Шаһ Деңізде 1 триллион 132 миллиард текше метр табиғи газ резерві бар. Тағы да сол BP мәліметтеріне сүйенсек Шаһ Деңізден газ өндіріп басталған 2006 жылдан бері 39 миллиард 436 миллион текше метр табиғи газ әлем нарығына экспортталған. 2011 жылы Әзербайжан Баку-Тбилиси-Эрзурум құбыры арқылы шамамен 5,3 миллиард текше метр табиғи газ экспорттаған.


Әзербайжан экономикасында табиғи газдың орны және маңызы


Әзербайжан табиғи газ тасымалында төмендегі желілерді қолдануда:

Баку-Тбилиси-Эрзурум(Оңтүстік Кавказ)Табиғи газ құбыры: Эрзурумға жетпестен бұрын 692 километрге дейін BTC мұнай құбырына параллель жалғасады. Құрылысы 2006 жылы аяқталған Оңтүстік Кавказ табиғи газ құбыры 2007 жылы іске қосылған болатын және 8,4 миллиард текше метр газ таси алады.

Гази-Мехмеммед-Моздок табиғи газ құбыры: 241 километрлік желі орыс Газпром мен SOCAR арасында қол қойылған келісім бойынша Ресейге газ тасымалдайды. Бұрын Ресейден Әзербайжанға газ тасымалдаған бұл желі 2010 жылдан бері кері бағытта газ тасымалы үшін қолданылуда, Ресейге бұл желі арқылы жылына 991 миллион текше метр табиғи газ тасымалданады.

Баку-Астара табиғи газ құбыры: Армениямен арада туындаған келіспеушілікке байланысты Әзербайжан табиғи газ экспорты үшін Иранмен келісімшартқа қол қойды, келісім бойынша Иран 2006 жылдың соңынан бері Нахчыванға Әзербайжан газын таси бастады. Бұны жүзеге асыру үшін Әзербайжан Иранға Баку-Астара желісі арқылы газ тасиды, Иран болса аталмыш газды Салмас-Нахчыван желісі арқылы Нахчыванға жолдайды, сондай-ақ Иран транзит кірісінің 15%-ын комиссия ретінде алады. Айналасы Иран және Армениямен қоршалған, Түркиямен қысқа ғана шекарасы бар Нахчыван Автономиялық Республикасы Иран арқылы келетін бұл табиғи газға тәуелді.

Транс Анадолы табиғи газ құбыры(TANAP): Әзербайжан табиғи газын жаңа нарыққа жеткізу үшін стратегиялық маңызы бар жаңа келісім шартқа қол қойды. Түркия және Әзербайжанның бірлескен жобасымен жүзеге асатын TANAP арқылы Әзербайжан табиғи газын Грузияның территориясынан өтіп, Түркия арқылы Грекия және Болгарияға жалғасатын құбырмен тасылмалдау жоспарлануда. Гейдар Әлиевтің «екі мемлекет бір ұлт»ұранымен әрекет ететіндерінің астын сызған екі мемлекет желінің құрылысы және жобаның жүзеге асырылуы үшін консорциум құру керектігі жайындағы меморандумға 2011 жылдың 26-желтоқсанында қол қойды. 2012 жылдығ 26-маусымында TANAP жобасының үкіметтераралық келісіміне Ильхам Әлиев пен Түркия премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоған тарапынан салтанатты түрде қол қою рәсімі өтті.

TANAP жобасы төрт этапта аяқталады және алғашқы газ тасымалы 2018 жылы жүзеге асады деп жоспарлануда, 2020 жылы тасымал деңгейі 16 миллиард текше метрге, ал 2023 жылы 23 миллиард текше метрге, 2026 жылы 31 миллиард текше метрге жетеді деп күтілуде.

Түркия BOTAŞ(Құбыр желілері және Мұнай тасымалы АҚ) мен TPAO-мен бірге(Түркия мұнайлары акцонерлік қоғамы) үлестің 20%-ын иемденген, үлестің 80%-ы SOCAR-дың еншісінде.

Пайдаланған әдебиет: al jazeara