Türkan Hüseynova
1 жыл бұрын - 4 Dakika, 51 Saniye

Жас өнертапқыш жаңбыр суынан электр қуатын өндіретін құрылғы ойлап тапқан

АҚШ президентінің бас кеңесшісі әрі қызы Иванка Трамп Үндістанда өткізілген Жаһандық кәсіпкерлік саммитіне қатысу барысында әзірбайжандық 15 жасар өнертапқыш қызды мақтап, ол туралы өз пікірін білдірді. Иванка Трамп «Сенің ақылың мен қажырлы еңбегің бәрімізді қанаттандырады» деді.


Жас өнертапқыш жаңбыр суынан электр қуатын өндіретін құрылғы ойлап тапқан


Бес жасынан бері өнератапқыштыққа құштар Рейхан Жамалова қазіргі күні Губа қаласындағы Истек лицейінде оқиды. Рейхан достарымен бірлесе отырып, жаңбыр суынан электр қуатын өндіретін «Rainergy» атты құрылғы ойлап тапқан. Аспап төрт бөліктен тұрады: артық су жиналатын орын, су бөшкесі, электрлі генератор және аккумулятор. Рейхан ойлап тапқан құрылғы қуаты 22 Ватт болатын жарықдиодты шамды жаға алады. Жас өнертапқыш болашақта өз құрылғысын жетілдіргісі келетінін айтады: «Кей елдерде электр қуатының бағасы тым қымбат, осы жаңа құрылғы арқылы біз аз ақша төлеп, қажетті электр қуатына қол жеткізе аламыз». Рейханның ойынша, әлемдегі миллиардтаған литр жаңбыр суын электр қуатына айналдыруға болады.

Үндістанда өткізілген Жаһандық кәсіпкерлер саммитіне қатысқан Рейхан алғашқы таңдау кезеңінен сәтті өткен. Алдағы уақытта жартылай финал мен финалдан да өтеді деген сенім бар.

Саммитке АҚШ-тың өкілі ретінде қатысқан Иванка Трамп Рейхан туралы былай дейді: «Рейханның ұраны мынадай екен: «Күн сайын бір үйге жарық бер». Сен жарық берген әрбір үй әлемді жарық ете түседі. Сенің ақылың бізді қанаттандырады».

Нобель сыйлығын алуды армандайтын Рейхан Жамалова адамзат өміріне америкалық ғалым Лүтфи Әлиаскар Заде секілді өз үлесін қосуды алдына мақсат етіп қойған.

Әзірбайжан тіліндегі субтитрлі видеоны көру үшін м ы н а жерді басыңыз.

Ағылшын тіліндегі видеоны көру үшін  м ы н а жерді басыңыз.