Türkan Hüseynova
1 жыл бұрын - 6 Dakika, 12 Saniye
tr
az
en
kk
ky
uz
ru
tk

Жаз Мейрамы "Сабантой"

"Сабантой" - бұл татар, башқұрт және чуваш түріктерінің арасында тойланатын ұлттық мереке. Сонымен қатар Солтүстік Кавказдағы ноғайлар мен балкарлар сияқты мерекелерді де өткізуде.

Жаз Мейрамы "Сабантой"

Бүгінгі күнгі «Сабантой» мейрамы татарлардың мерекесі ретінде танылған. Маусым айында Татарстан астанасы Қазан қаласында мемлекеттік деңгейде атап өтіледі. Бірақ кейінірек бұл мерекені Ресей Федерациясы аумағында тұратын басқа түрік (чуваш, башқұрт) және түрік емес қауымдастықтар (Марилия, Удмуртлар) тарапынан да атап өтіледі.

Сабантой Мейрамы Дегеніміз Не?

Сабантой мейрамының тарихи тамыры өте ұзаққа созылады. Бұл мереке ауыл шаруашылығы мәдениетімен тығыз байланысты. Бұрын бұл мереке көктемнің алғашқы айларында сәуірде атап өтілсе, қазір маусым айының соңында атап өтіледі. Адамдар Сабантой дәстүрлерін жоғалтпай, өзгертпестен тойлауға тырысқан. Ертеректе мерекелік іс-шаралар апта ішінде атап өтілсе, бүгінгі күні демалыс күндері тойланады.

Мерекелік Салтанат

Жаз Мейрамы "Сабантой"

Сабантой мерекесінің тойлануының қалалық және ауылдық жерлерде біраз айырмашылықтары бар. Қалалық жерлерде әдетте мейрам алаңдарында өтеді.

Ауылда мерекелік іс-шаралар екі бөліктен тұрады: алаң дәстүрлері және салт-жоралар дәстүрі. Ауылда мереке күндері үйлер тазаланып, қонақтарға түрлі тағамдар дайындалады, 50 және одан да көп атты адамдар жиналып үйлерден сыйлықтар жиналады. Жастар сыйлыққа алынған заттарымен аттарын әшкейлеуден жарысқа түседі.

Жұмыртқаларды жинау дәстүрі мерекенің міндетті шарттарының бірі болып қала береді. Жиналған жұмыртқалар шаршы алаңда өткізілетін түрлі жарыстарда пайдаланылып, содан кейін сатылады.

Мейрамның ең әйгілі дәстүрі -күрес жарыстары. Бұл жарыстар әдетте екі жас, кейде екі қарт адамнан басталады, соданейін олардың әрқайсысы жас ерекшеліктеріне қарай кез-келген адам қатыса алады. Сабантой жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар: автомобиль, кілем, қой және т.б. беріледі.

Сондай-ақ алаңда көңілді жарыстар да ұйымдастырылады. Әдетте таңғы 10-да басталады және түнгі уақытқа дейін жалғасады.

Сабантой мейрамы бүкіл дүние жүзіне тараған жыл сайын аталып өтілуде және осы мерекенің дәстүрлері мен салт-жоралары бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатыр.