Жібек жолы жобасының түркі әлеміндегі маңызы қандай?
Жібек жолы жобасын жүзеге асыруды 2003 жылы Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин ұсынған болатын. Бұл жоба Қытайдың қара жол және теңіз арқылы батысқа бағыттылған экономикалық ұмтылысы ретінде бағаланып отыр. Негізінен, мұны жаңа бір жоба дей алмаймыз. Тарихқа көз салсақ, Ұлы Жібек жолы (Қытай) және «Дәмдеуіштер жолы» (Үндістан) ретінде белгілі бұл екі жолдың тармақтары мен бағыттары түрлі тарихи оқиғалардың әсерінен өзгеріп отырғанын көреміз. Қытай бұл сауда жолын заманауи тұрғыдан қайта жандандыруды көздеп отыр. Біздің әңгімемізге арқау болатын Жібек жолы жобасының теңіз жолы емес, қара жолдағы бөлігі. Бейжіңнен Лондонға дейін созылып жатқан бұл сауда жолының басым бөлігі түркі тілдес мемлекеттердің жерін басып өтетіні белгілі. Қытай бұл сауда жолында орналасқан барлық мемлекеттерді жобаға қатысуға шақырды. Осыған байланысты бірнеше мемлекетпен келіссөздерге қол қойылды. Түркия да бұл жолдың маңызды бөлігінде орналасқан. Мысалы, Баку - Тбилиси – Карс темір жолы қолданылса, Қытайдан шыққан тауардың Еуропаға 15 күн ішінде жеткізілетіні айтылып отыр.

Мамандар тарихта орын алған жағдайдың қайталанып, әлемдегі экономикалық әлеуеттің батыстан шығысқа өтетінін және болашақта бұл әлеуеттің тек арта түсетінін болжап отыр. Біздіңше бұл мәселе Қытай арқылы жүзеге асатын болады. Ал жаңа Жібек жолы жобасы бұған негіз болмақ. Ал енді осы жобада түркі тілдес мемлекеттердің ролі мен орны қандай болмақ? Түркі әлеміне бұл мәселе қалай әсер етпек? Жоғарыда айтқанымыздай бұл сауда жолының басым бөлігі түркі тілдес мемлекеттер жерін басып өтеді. Бұл мемлекеттердің басшылары Қытаймен келіссөздер жүргізумен қатар өз араларында келісімге келе отырып, бұл ауқымды жобаның іргетасын қалайтын өзге де түрлі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Олай болса Жібек жолы жобасының кедергісіз іске асатыны белгілі. Алайда бұл сауда жолындағы тауар тасымалында түркі тілдес республикалардың үлесі қандай болмақ? Бұл жерде айтпағымыз, аталмыш түркі тілдес елдердің өз тауарларын өндіріп, экспортқа шығаруы маңызды болып табылады. Олай болмаған жағдайда бұл сауда жолы тек Қытай тауарларын тасымалдауды ғана тездетеді. Сондықтан түркі тілдес мемлекеттер өзара келісімге келіп, өз араларындағы сауда айналымын арттырулары қажет. Түркия статистикалық ұйымының мәліметтеріне қарағанда Түркияның 2017 жылғы 4 желтоқсанға дейінгі 11 ай ішінде түркі тілдес елдермен жасаған сауда-саттық көлемі төмендегідей:
Мемлекеттермен сыртқы сауда
Жыл Мемлекет Мемлекет аты экспорт доллар импорт доллар
2017 78 Әзірбайжан 1. 102.392.004 296.533.090
79 Қазақстан 635.729.428 1.194.645.605
80 Түркіменстан 915.772.094 348.123.158
81 Өзбекстан 531.202.903 659. 339.460
83 Қырғызстан 290.101.882 128.137.803
Жыл қорытындысы: 3. 475.198.311 2. 626.779.116
2017 жылғы мәліметтер өзгеруі мүмкін.
Бұл бес мемлекетпен арадағы сауда-саттық көлемі Түркияның тек Франциямен жасаған сауда-саттық көлемінен бірнеше есе аз. Бұл жағдай түркі тілдес республикалардың өз араларында сыртқы сауданы арттырулары үшін көп мәселені шешулері қажеттігін көрсетеді.
Мемлекеттермен сыртқы сауда
Жыл Мемлекет Мемлекет аты экспорт доллар импорт доллар
2017 1 Франция 5.360.024.661 6.415.407.815
Жыл қорытындысы: 5.360.024.661 6.415.407.815
2017 жылғы мәліметтер өзгеруі мүмкін